"Ақмола облысы білім басқармасының Кокшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының Техникалық шығармашылық орталығы" мемлекеттік комуналдық қазыналық кәсәпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Центр технического творчества  города Кокшетау при отделе образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области".

-

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау Ішкі аудит

"Ақмола облысы Білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының техникалық шығармашылық орталығы" МКҚК қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау Ішкі аудит нәтижелері бойынша талдамалық анықтама

2022 жылғы 01.06 бастап 12.011. дейін кезеңі үшін

       18.11.2015 ж. ҚР "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңының 8-бабының 5-тармағына, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 19.10.2016 ж. №12 бұйрығымен бекітілген "сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына" сәйкес, техникалық шығармашылық орталығы МКҚК директорының  міндетін атқарушы бұйрығы негізінде 10-12қараша аралығында Көкшетау қаласы білім бөлімінің жанындағы "Техникалық шығармашылық орталығы" МКҚК-да 01.06-ден бастап 12.11.2022. дейін  сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыс келесі тобының құрамында жүргізілді:

1.Мусахметова г. С. – ӘЖ бойынша орынбасары

2. Развенкова И.А..- оқытушы

3. Оспанов С. З.-завхоз

4. Базарбекова К. Е. - есепші

5. Куштаева А.А.-хатшы-іс жүргізуші.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау

келесі бағыттар бойынша жүргізілді:

  1.       сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау объектісінің қызметін реттейтін заңнамада сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

 

  1. персоналды басқару, мүдделер қақтығысын реттеу, Мемлекеттік қызметтер көрсету, Бақылау-қадағалау функцияларын іске асыру және ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтен туындайтын өзге де мәселелер бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау объектісінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

 

1."Ақмола облысы Білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының техникалық шығармашылық орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңын, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңын, Кәсіпорынның Жарғысын, сондай - ақ өзге де заңнамалық және заңға тәуелді Қазақстан Республикасының актілерімен және ішкі нормативтік құжаттармен реттеледі.

 

Кәсіпорынның мемлекеттік басқару органы "Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі"мемлекеттік мекемесі болып табылады.

Жүргізілген талдау нәтижелері бойынша әкімшілік-басқару персоналының өз қалауы бойынша шешімдер қабылдауына ықпал ететін, жеке тұлғалардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру кезінде кедергілер жасауға, нормативтік актілерді өз бетінше түсіндіруге мүмкіндік туғызатын құқықтық олқылықтар жасауға ықпал ететін ережелер белгіленбеген.

 

  1.  

 

ТШО-да штаттық кесте бойынша әкімшілік-техникалық персоналдың 15,25 бірлігі және педагогикалық құрамның 8,2 бірлігі көзделген. Мониторинг сәтіндегі жағдай бойынша тізімдік құрамның жалпы саны-23 адам, оның ішінде - 13 педагог, 10-қызмет көрсетуші персонал.

Көрсетілген кезеңде-10 адам қабылданды, оның ішінде 2- негізгі,7-қосымша педагог,1-аула сыпырушы. Теріс себептермен жұмыстан шығарылған қызметкерлер болған жоқ. Талдау кезеңінде бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық және қылмыстық қылмыс жасаған адамдарды жұмысқа қабылдау фактілері анықталған жоқ. Сотталмағандығы туралы анықтама барлығында бар.

Көрсетілген кезеңде тәртіптік жазалар (ескертулер мен сөгістер) болған жоқ. Қолданыстағы заңнаманы бұзу мәселелері бойынша азаматтардан өтініштер және қызметкерлердің іс-әрекеттеріне шағымдар түскен жоқ.

 

Қызмет көрсету

 

Мекемеде мемлекеттік қызметтер бекітілген стандарттар мен регламенттерге сәйкес көрсетіледі:

 

  1. "Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау" 2020 жылғы 22 мамырдағы № 219

 

Қызмет көрсетушілердің жұмысы тиісінше жүргізілуде, қызмет көрсету мерзімдері бойынша бұзушылықтар, мемлекеттік қызмет көрсетуден негізсіз бас тартулар, жасырын қызметтер көрсету анықталған жоқ. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін есепке алу және тіркеу журналы жүргізіледі.

Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат кіреберістегі фойеде екі тілде орналастырылған.

 

 

 

 

 

 

Мемлекеттік сатып алулар

Мемлекеттік сатып алу Қазақстан Республикасының - 4.12.2015 ж. № 434-V "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңының нормаларына, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 11.12.2015 ж. №648 "Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес жүргізіледі.

Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу электрондық түрде мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы жүргізіледі. Шарттарды жасасудың электрондық форматы веб-порталда сатып алынатын тауарлар, жұмыстар мен қызметтер бойынша толық және дұрыс ақпарат қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде бұзушылықтарға жол берілмеді.

Мемлекеттік сатып алулар 01.06 - ден бастап 12.11.22 дейін өткізілді.

1.Баға ұсыныстарын сұрату әдісімен-8

2.Тікелей шарт жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен-0

3. Өткізілмегендер бойынша бір көзден алу-10

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шараларды одан әрі күшейту, оның тиімділігін арттыру мақсатында:

- Сыбайлас жемқорлық тәуекелі, мүдделер қақтығысы жоғары аймақтарға жататын қызметке тұрақты ішкі бақылауды жүзеге асыру.

-Қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама бойынша ақпараттық-насихаттау жұмысын жандандыру.

-Қолданыстағы заңнаманы және оған енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіру бойынша құқықтық жалпы оқыту сабақтарын өткізу.

 

Жұмыс тобының мүшелері:

 

Директордың орынбасары

әдістемелік жұмыс бойынша_____________Г. С. Мұсахметова

Педагог _____________И.А. Развенкова

Шаруа меңгерушісі_____________ С.З.Оспанов

Есепші ______________К. Е. Базарбекова

Хатшы-іс жүргізуші ______________А. А. Куштаева

Жаңартылған күні: 14.11.2022 12:07
Құрылған күні: 14.11.2022 12:07

Текст